Промоутерлік компанияның мәліметі бойынша, Данияр Елеусінов 28 ақпанда Астанада жекпе-жек өткізеді.
Еске сала кетейік, Данияр Елеусінов IBO тұжырымы бойынша жартылай орта салмақта әлем чемпионы атанған.
Боксшы бұған дейін Алматыда өткен бокс кешінде филиппиндік Джо Нойнаймен (23-4-2, 11 КО) жұдырықтасты.
Кездесу жартылай орта салмақта өтіп, 9 раундқа есептелген еді. Бесінші раундтан соң Нойнай Даниярдың соққыларына шыдай алмай жұдырықтасудан бас тартты. Сондай-ақ филиппиндік бірінші және төртінші раундта нокдаун алды.
Осылайша, Данияр Елеусінов өзінің кәсіби мансабындағы он екінші жеңісіне қол жеткізіп, WBC Peace белдігін жеңіп алды.