АСТАНА. KAZINFORM — Бахрейннің Манама қаласында өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы Азия ойындарында бокс жарысы өз мәресіне жетті. Финалда өзбекстандық боксшымен жұдырықтасқан жерлесіміз Мұхамедәлі Рүстембек қарсыласына есе жіберіп, екінші орынды қанағат тұтты.
Қазақстан құрамасынан соңғы болып Мұхамедәлі Рүстембек (80 келіден жоғары) шаршы алаңға шықты.
Финалда ол Өзбекстан спортшысы Асадбек Султанбоевпен жұдырықтасты.
Өзбекстандық боксшы төрешілердің шешімімен жеңіске жетті.
Айта кетейік, бүгін апалы-сіңілі боксшы қыздар жасөспірімдер Азиадасында алтын медаль алған болатын.
Бақытгүл Абайқызы
Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің түлегі. Л.Н. Гумелев атындағы Еуразия Ұлттық Университетінің магистрі. "Ақпарат саласының үздігі" салалық төсбелгі иегері (2018 ж.)