Боксшы Наталья Богданова Олимпиада лицензиясына таласа алмайды
00:29, 10 Наурыз 2024
АСТАНА. KAZINFORM — Қазақстандық боксшы Наталья Богданова лицензиялық турнирде жеңіліп қалды.
Италияның Бусто-Арсицио қаласында өтіп жатқан бокстан лицензиялық турнирдің 1/8 финалында 66 келіге дейінгі салмақта өнер көрсетіп жүрген Богданова жеңіліс тапты.
Оның қарсыласы польшалық Анета Ригельска болатын.
Ригельска жекпе-жектің басында аздаған басымдыққа ие болып, соны айқастың соңына дейін сақтап қалды.
Осылайша Наталья Богданова Олимпиада лицензиясы үшін күрестен тыс қалды.