Боксшы Аида Сатыбалдинованың келесі қарсыласының есімі белгілі болды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандық боксшы қыз Аида Сатыбалдинова келесі жекпе-жегін 7 шілде күні АҚШ-та өткізеді, деп хабарлайды «SPORTINFORM» САА.

«Леди Спарта» деген атпен бокс әлеміне танылған боксшы Техас штатындағы Корпус-Кристи қаласында «Ацтектер ханшайымы» атанған 25 жастағы америкалық Селина Бариоспен кездеседі. Селина кәсіпқой бокстағы тұңғыш кездесуін өткен жылы қаңтарда өткізген. Осы кезде дейінгі үш жеңісінің бірін нокаутпен аяқтаған.

Жеңіл салмақтағы Сатыбалдинова - Бариос жекпе-жегі сегіз раунд форматында өтеді.

Еске сала кетейік, Аида кәсіпқой бокстағы төрт кездесуінің үшеуін нокаутпен аяқтап, бірінде тең нәтижені қанағат еткен. Мексикадағы соңғы жекпе-жегінде қазақстандық боксшы жеңіл салмақтағы WBF титулын жеңіп алған болатын.