Боксшы Әли Ахмедов келесі жекпе-жегін желтоқсанда өткізуі мүмкін

АСТАНА. ҚазАқпарат - Орта салмақтағы қазақстандық боксшы Әли Ахмедов қыркүйектегі жеңісінен кейін рингке қайтып оралатын уақытын жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Sports.kz сайтына сілтеме жасап.

18 қыркүйекте Ахмедов Лас-Вегаста Геннадий Головкин – Сауль «Канело» Альварес арасындағы үшінші бокс кеші аясында жұдырықтасып, онда төрешілердің бірауыздан қабылдаған шешімімен америкалық Габриэль Росадоны жеңіп, екінші орта дивизиондағы бос болған WBC Silver және IBF North American чемпионы титулдарын иеленді.

«Менің командам келесі жекпе-жегіме қатысты жүміс жүргізуде. Ол желтоқсанда өтеді деп үміттенемін «, - деп бөлісті ол The Ring басылымына берген сұхбатында.

Әли Ахмедов – Головкиннің GGG Promotions промоутерлік компаниясының боксшысы.


Фото: Ed Mulholland/Matchroom Boxing