Боксшы Асланбек Шымбергенов Азиаданың күміс медалін жеңіп алды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Жакартада бокстан финалдық бәсекелер өтіп жатыр. 69 келіде жұдырықтасқан Асланбек Шымбергенов күміс жүлдегер атанды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Olympic.kz-ке сілтеме жасап.

Финалда Шымбергенов өзбекстандық Бобо Усман Батыровпен кездескен болатын.

Төрешілер жекпе-жек қорытындысы бойынша жеңісті өзбек боксшысына берді. Есеп: 1-3.