Боксшы Айдос Ербосынұлы кәсіби рингтегі алғашқы кездесуін Беларусь спортшысымен өткізеді
10:24, 25 Қыркүйек 2015
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандық орта салмақтағы боксшы Айдос Ербосынұлы 2 қазан күні кәсіби рингтегі алғашқы жекпе-жегін өткізеді, деп хабарлайды боксшының ВКонтакте әлеуметтік желісіндегі тобы.
Айдос Ербосынұлының қарсыласы, украиндық боксшы Николай Полежаев жекпе-жекке қатысудан бас тартты. Оның орнына рингке Беларусь боксшысы Андрей Долгожиев шығады, деп жазады Sports.kz.