«Боксшы әже» желіде танымал болды
20:17, 02 Қаңтар 2018
АСТАНА. ҚазАқпарат - «Боксшы әже» желіде танымал болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Инстаграмдағы kazakh_video парақшасында бокс қолғабын киген әженің жаттығу залындағы видеосы жарияланды.
Видеода спортшы әже бірнеше соққы жасап, жаттығудың қолдарына пайдалы екенін айтады.
«Жаттығу қолыма жақсы болды, бұрын орамалымды байлай алмайтын едім...», - дейді әже.
Алайда «боксшы әженің» нақты аты-жөні белгісіз. Тек белгілісі видеоны көрушілердің бірі «Асима апа молодец» деп пікір қалдырады.
Публикация от ВИДЕО WhatsApp 👇 (@kazakh_video) Дек 31, 2017 at 9:30 PST