Боксшы Б.Жақыпов келесі жекпе-жекті филиппиндік Марк Барригаға қарсы өткізеді

None
АСТАНА. 31 шілде. ҚазАқпарат - Бүгін шаршы алаңда 49 салмақ дәрежесінде француздық Джереми Беккуді жеңген Біржан Жақыпов келесі кездесуін 4 тамыз күні Филиппин спортшысы Марк Барригаға қарсы өткізеді. 

1993 жылы туған М. Баррига бүгін Италия боксшысы Мануель Каппайды ұтқан болатын. 

1984 жылы туған шымкенттік Біржан Жақыпов Мырзағали Айтжановтың қол астында жаттығады. 2005 жылғы әлем чемпионатының қола жүлдегері, 2010 жылғы XVI жазғы Азия ойындарының күміс жүлдегері. Көптеген халықаралық турнирдің жеңімпазы.