Боксшы Б.Жүкембаев кәсіби рингте екінші рет жеңіске жетті

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Тройс-Ривьересте (Канада) қазақстандық Батыржан Жүкембаев бірінші раундыда мексикалық Ноэль Ринкон Мейді техникалық нокаутпен жеңді, деп хабарлады Sports.kz боксшының ВКонтакте желісіндегі ресми тобына сілтеме жасап.

Атап өтейік, Жүкембаевтың келесі кездесуі 10 маусымда өтеді деп жоспарланған.