Қазақстандық спортшы шаршы алаңға 12 маусымда оралады. 8-раундтық жекпе-жек Лэйклендте (АҚШ, Флорида штаты) жергілікті боксшы Девон Лиге қарсы өтеді. Американдық боксшы бұған дейін жеті жекпе-жек өткізген, бес мәрте жеңіске жетіп, соның үшеуін нокаутпен аяқтаған, екі рет жеңілген.
Д.Елеусінов кәсіпқой рингте бес жекпе-жек өткізіп, барлығында жеңіске жетті, соның ішінде төртеуін нокаутпен аяқтады.