Оның қарсыласы жергілікті боксшы Джеймс Лестер болды. Кездесу жеңіл салмақта өтті, деп жазады Inboxing.kz.
6 раундтық жекпе-жекте де Ниязов басымдық танытты, әділ қазылар бір ауыздан жеңісті Димашқа берді.
Димаш Ниязов 13 жасында АҚШ-қа көшіп кеткен, Қазақстанда оны Нұрғали Сафиуллин жаттықтырған болатын.