Ипсилантиде (АҚШ, Мичиган штаты) 12 раундтық жекпе-жекте ол отандасы Майк Шеппардты алтыншы раундта нокаутпен жеңді.
Тони үш салмақ санатында Халықаралық бокс федерациясы тұжырымы бойынша чемпиондық титул иегері - 1991-1993 жылдарда 72,6 келіге дейін салмақта, 1993 - 1994 - 76,2 келіге дейін, 2003 жылы - 90,71 келіге дейін. Аса ауыр салмақта әлем чемпионы титулы үшін екі рет айқасты. 2003 жылы беделді америкалық «Ринг» журналының және АҚШ-тағы Боксшы журналистер қауымдастығының үздік жыл боксшысы болып танылды.
41 жастағы Шеппард 21 рет жеңілген, 24 рет жеңіске жеткен (10 нокаут), екі рет тең түскен.
Бұдан бұрын WBF 90,71 келіге дейін салмақта WBF әлем чемпионы белбеуін Рой Джонс ұтқан болатын.