«Елімізде жүзеге асып жатқан «100 мектеп пен 100 аурухана» бағдарламасындағы 100 аурухана салуға келіспейтіндердің бірі менмін. Рас, үлкен құрылыстар жүргізілді. Соған орай, спортшы ретінде «100 мектеп» салуға еш қарсылығым жоқ. Бірақ, «100 аурухана» дегенге келіспейтіндердің бірі - менмін. Өйткені, бұл дегеніңіз Қазақстанда ылғи денсаулығы жоқ адамдар ғана тұратын сияқты», - дейді боксшы.
Бұл ретте ол бұқара арасында ауруды емдеуден гөрі, аурудың алдын алу мәселесінің өзекті екенін еске салады. «Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде» деген бабаларымыздың сөзі бар емес пе? 100 ауруханының орнына 50 аурухана салынсын, қалған 50 аурухананың орнына 50 спорт кешені салынсын», - деді Е. Ыбрайымов.