21 жастағы боксшымыз бастапқы екі кезеңде жазғы ойындар қожайынына есе жіберіп, тек соңғы үшінші раундта ғана тең жұдырықтасты. Осылайша 15:19 есебімен ұтылған спортшымыз Олимпиада жүлдесі жолындағы жарысын аяқтауға мәжбүр болды.
02:53, 04 Тамыз 2012
Боксшы І.Сүлейменов Олимпиада медалі жолындағы жарысын аяқтады
АСТАНА. 4 тамыз. ҚазАқпарат - Бүгін Лондон Олимпиадасында 1/8 финалдық бәсекеде шаршы алаңға көтерілген былғары қолғап шеберіміз Ілияс Сүлейменов ұлыбритандық Эндрю Селбиге есе жіберді.