Боксшы Ілияс Сүлейменов Әлем чемпионатының 1/8 финалына шықты

None
АЛМАТЫ. 18 қазан. ҚазАқпарат - Алматыда өтіп жатқан бокстан Әлем чемпионатын Ілияс Сүлейменов сәтті бастады. 52 келіге дейінгі салмақта бақ сынайтын Ілияс Сүлейменов бүгін австралиялық Андреу Молонейді айқын басымдықпен ұтты. Енді ол 1/8 финалда 22 қазанда қырғызстандық Азат Үсеналиевпен күш сынаспақ. Қос боксшы да Әлем чемпионатын бірден екінші айналымнан бастаған еді. Азат бүгінгі сайыста молдовалық Александрос Рисканды ұтты.

А.Үсеналиев биыл 30 маусым мен 8 шілде аралығында Иорданияның Амман қаласында өткен Азия чемпионатында чемпион атанған болатын. Ол бұл додада Ирак, Индонезия, Иран және Өзбекстан боксшыларын жеңген еді. Халықаралық әуесқой бокс федерациясы (АІВА) рейтингінде қазір Азат - 9, Ілияс - 8-орында тұр.