Боксшы Ілияс Сүлейменов Лондонда өткен жекпе-жекте швед Саломо Нтуведен 13:8 есебімен басым түсті

None
АСТАНА. 31 шілде. ҚазАқпарат - Қазақстандық боксшы Ілияс Сүлейменов жанкүйерлердің үмітін ақтап, Лондондағы жекпе-жекте швед Саломо Нтувені жеңді.

www.Vesti.kz хабарлағандай, 52 келіге дейін салмақта жұдырықтасқан Астананың тумасы, 21 жасар боксшы бірінші раундты 4:3 есебімен ұтты. Екінші раундта да Ілияс 4:2 есебімен  алға шықты. Қорытынды раунда қазақстандық спортшы 3 минуттың ішінде 5:3, ал мачты 13:8 есебімен 23 жасар шведтің алдын орап кетті.

Келесі раунта қазақстандық боксшы британадық спортшы Эндрю Селбимен кездеседі.