Қазақстандық боксшылардың ішінде ең көп өзгеріс Иса Ақбербаевта байқалды, ол Рубен Анхел Миноны жеңгеннен кейін бірінші ауыр салмақ (90,7 келі) рейтингінде 81-ден 50-ші орынға көтерілген. Бейбіт Шүменов осы тізімде 17-ші орынды сақтап қалды. Қанат Ислам бірінші орташа салмақ санаты рейтингінде (69,8 келіге дейін) 77-ден 81-ге түсіп кетті. Өткен айда жеңіл салмақ рейтингінде 22-ші ұстанымда болған Жанат Жақиянов 21-орынға жайғасты.
10:19, 10 Наурыз 2015
Боксшы Иса Ақбербаев IBO рейтингіндегі ұстанымын 31-орынға жақсартты
АСТАНА. ҚазАқпарат - Халықаралық боксшылар ұйымы (IBO) барлық салмақ санатындағы әлем боксшыларының жаңартылған рейтингін жариялады, деп хабарлады Sports.kz.