Боксшы Иса Ақбербаев Сочиде жекпе-жек өткізетін болды

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бірінші ауыр салмақтағы қазақстандық боксшы Иса Ақбербаевтың (18-0, 13 КО) рингке оралатын күні белгілі болды, деп хабарлайды Sports.kz.

Өзінің келесі жекпе-жегін Ақбербаев 4 тамыз күні Сочиде (Ресей) өткізеді. Оның қарсыласы - украиналық Юрий Барашьян (28-9, 19 КО). Айқас 10 раундқа есептелген.