Боксшы Қанат Әбутәліпов келесі кезеңге жолдама алды
22:00, 28 Шілде 2012
АСТАНА. 28 шілде. ҚазАқпарат - ХХХ жазғы Лондон Олимпиадасында 56 келі салмақ санатында шаршы алаңға көтерілген Қанат Әбутәліпов қарсыласын ұтып, келесі айналымға жолдама алды.
Бірінші айналымда сириялық Виссам Саламанмен жұдырық түйістірген Қанат үш раундта да 26 жастағы қарсыласына еш мүмкіндік бермеді, қорытынды есеп - 15:7. Енді келесі айналымда біздің спортшымыз даниялық Джейлан Деннисті 21:6 есебімен жеңген ирландық Джон Джо Невинмен жұдырық түйістіреді.