Бұл туралы ол өзінің Facebook-тегі жеке парақшасында «Отбасыммен бірге сайлауға қатысып, ел тағдыры үшін таңдау жасадым», - деп жазады.
Айта кетейік, бүгін таңғы сағат 07-00-де еліміздің барлық өңірінде кезектен тыс Президент сайлауының дауыс беру учаскелері ашылды. Жалпы 9 741 сайлау учаскесі толыққанды жұмыс істеп жатыр.
Дауыс беру жергілікті уақыт бойынша таңғы 7-00-ден 20-00-ге дейін өтеді. ҚР Президенті сайлауының алдын ала қорытындысы 27 сәуірде жарияланады. Дауыс беру аяқталғаннан кейін учаскелік сайлау комиссиялары 12 сағаттың ішінде дауыстарды санауға міндетті.