Боксшы Майк Тайсон әртіс болғысы келетінін айтты

АСТАНА. ҚазАқпарат - Белгілі америкалық боксшы Майк Тайсон Шекспир пьесасындағы Отелло рөлін ойнағысы келеді, деп хабарлады «РИА Новости».

Оның сөзіне қарағанда, театр сахнасында өнер көрсету ол үшін қиын, сондықтан спортшы жұмысты телевидениеден бастамақ.

«Шекспир пьесасындағы кейіпкердің рөлін сомдағым келеді. Отеллоның кейпіне ену қызықты болады деп ойлаймын», - деген боксшы.

Айта кетейік, Майк Тайсон 55-тен аса фильмге түскен. Оның көбінде ол өз рөлін өзі ойнаған.