Боксшы Майк Тайсонның қызы шетінеді
09:58, 27 Мамыр 2009
ФЕНИКС. Мамырдың 27-сі. ҚазАқпарат - Американдық боксшы Майк Тайсонның 4 жасар қызы шетінеді,
деп хабарлайды ҚазАқпарат Би-Би-Си телекомпаниясына сілтеме жасап. Феникс полициясының хабарлауынша, қыз бала ойнап жүрген кезде болған жазатайым оқиғаның салдарынан бір күннен кейін көз жұмды. Эксодус Тайсон спорттық тренажердің жанында ойнап жүріп, снарядтардың бірінің сымы мойнына оралып қалады. Бала аяғы тайып кетіп, мойнына түскен тұзақты өзі шеше алмай қалған деген долбар айтылуда. Ағасы қыз баланы осындай жағдайда тауып алып, жұртты көмекке шақырған. Емханаға ауыр жағдайда жеткізілген қыз баланың демі бір күннен кейін үзілген.