АСТАНА. ҚазАқпарат - АҚШ Салық басқармасы америкалық боксшы кіші-Флойд Мейвезерді 2015 жылы 22,2 млн доллар салық төлемеді деп айыптап отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат «АР»-ға сілтеме жасап.
Сол жылы боксшы өзінің спорттық мансабындағы ең ірі жекпе-жегін өткізген болатын. Ол филиппиндік Мэнни Пакьяомен кездесіп, жеңіске жеткен еді. БАҚ мәліметінше, америкалық боксшы бұл айқасы үшін 200 млн доллар алған.
Кіші-Мейвезердің өзі 2015 жылы 26 млн доллар салық төлегендігін айтып отыр және қандай да бір қайшылықтар болған жағдайда оған ертерек хабарланар еді деген сенімде.
Еркежан Смағұлова
2008 жылы Ш. Құдайбердіұлы атындағы СМУ-дың журналистика факультетін бітірген. Еңбек жолын облыстық «Семей таңы» газетінен бастаған. 2018 жылдан бастап Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінде аудармашы.