Боксшы Поветкиннің бапкері Парамонов аяқ астынан қайтыс болды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Ресейлік боксшы Александр Поветкиннің бапкері Александр Парамонов 58 жасында аяқ астынан көз жұмды. Бұл туралы Facebook әлеуметтік желісіндегі ресми парақшасында 'Мир бокса' компаниясының спорттық директоры Дмитрий Иванов хабарлады. Маманның өліміне тромбтың үзіліп кетуі себеп болған.

Поветкиннің бапкерлік штабында Парамонов спортшының дене дайындығы мен соққы техникасы үшін жауап берген. 2015 жылы Поветкин екі жекпе-жек өткізіп, кубалық Майк Перес пен польшалық Мариуш Вахты жеңді.  

Сонымен қатар Парамонов аралас жекпе-жектің мықтысы  Александр Шлеменко, боксшылар  Александр Бахтин мен Денис Лебедевке көмектескен.