Боксшы Рой Джонс қолғабын Түркістанға сыйға тартты

Фото: None
ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат – Америкалық кәсіпқой боксшы Рой Левеста кіші Джонс Түркістанға өзінің былғары қолғабын сыйлап, қала әкімі Рашид Аюповты жаңа қызметімен құттықтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бұл жөнінде Рашид Аюпов өзінің Instagram парақшасында хабарлады.

«Аңызға айналған америкалық боксшы,Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері, жартылай ауыр салмақтағы абсолютті әлемчемпионы және менің бауырым Рой Джонс Түркістан қаласына сый тарту етті. Ол қаламызғақонаққа келіп, қолдау көрсетуге уәде берді. Қала күнінде келеді деп күтіпотырмыз», - деп жазады шаһар басшысы.

Ол сондай-ақ боксшының әкімді жаңақызметімен құттықтап, таяуда Түркістанға келетіні туралы айтқан видеосын жариялады.

Соңғы жаңалықтар