Жекпе-жекте WBC нұсқасы бойынша жеңіл салмақтағы EPBC чемпионы титулы сарапқа салынады. Бірақ, Жақияновтың Еуропа чемпионы белбеуі ойнатылмайды.
Атап өту керек, Грузия спортшысы кәсіби шаршы алаңда осыған дейін жеңіліп көрмеген. Едишерашвилиде 7 жеңіс жазылған, оның 6-ауы уақытынан бұрын аяқталған. Жерлесіміз болса 22 мәрте жеңімпаз атанған, 15 жекпе-жек нокаутпен аяқталған. Бір рет жеңілген. Осыған дейін хабарланғандай, сәуір айында Жанат француз боксшысы Гуерфиді 5-ші кезеңде нокаутқа жіберіп, Еуропа чемпионы титулын тартып алған болатын.