Жәнібек түсірілім барысына қазақстандық бокс туралы және жалпы спорт туралы әңгімелеп, 2022 жылы Олимпиада Қазақстанда өткізілетіндігіне сенімділігін білдірді.
Ал америкалықтар болса өз мансабында бірқатар жетістікке қол жеткізіп, бүгінде де алға ұмтылып, ел намысын қорғап жүрген Жәнібектен спортқа қадам басуы туралы сұрастырды.
«Қазақстан - көптеген Олимпиада мен әлем чемпиондарын тәрбиелеп шығарған спорттық мемлекет. Елбасының бастамасымен біздің мемлекетте спортпен белсенді айналысу үшін барлық жағдайлар жасалынуда, - дейді Әлімханұлы. - Мен, өз кезегімде жанкүйерлердің сенімін ақтап, Катарда өтетін әлем чемпионаты мен Рио Олимпиадасында сәтті өнер көрсету үшін қолымнан келгеннің барлығын жасаймын».
Естеріңізге сала кетейік, 2022 жылғы қысқы Олимпиада ойындарын өткізуге Алматымен қатар, Бейжің қаласы да таласуда. Өтетін орын ағымдағы жылдың 15 шілдесінде Малайзияда анықталады.