Соңғы рет боксшылар рингке өткен жылы желтоқсанда шыққан.
«Ағайынды Жайлауовтар кәсіпқойлар арасында әлем чемпионы Вячеслав Сенчеконың басшылығымен Киевке дайындалуда. Қазіргі сәтте олар демеуші іздеуде», - деді А. Кузнецов.
22 жастағы Роман Жайлауов (15 жеңіс, 2 жеңіліс, 9 жеңісі нокаутпен) өз кәсіби мансабында Азия чемпионы, Қазақстан чемпионы, жартылай орта салмақта тынық мұхит өңірінің чемпионы болды.
20 жастағы Даир Жайлауов (1 жеңіс) әуесқой рингте жастар арасында Азия чемпионы болды. Өткен жылдың аяғында жергілікті боксшыны 4 раундтық айқаста жеңіп, кәсіпқой ретінде сынға түсті.