«Біз биылғы жылдың басты додасы Азиада ойындарына соңғы дайындықты елордада өткізіп жатырмыз. Енді, екі күннен кейін, яғни 16 тамыз күні кешке Джакартаға аттанамыз. Қазір боксшылар нағыз бабында. Соңғы дайындығымызды пысықтап жатырмыз. Боксшылар Азиадаға толықтай дайын», - деп атап өтті бас бапкер.
Сонымен қатар бас бапкер Астанада Беларусь командасымен біріккен оқу-жаттығу өткізіп жатқанын да атап өтті.
«Қазір біз Беларусь командасымен біріккен оқу-жаттығу өткізіп жатырмыз. Бүгін соңғы спарник кездесулер өтеді. Өздеріңіз білесіздер биыл Азиадада боксшыларымыз жеті салмақта ел намысын қорғайды. Міне, сол жеті боксшы бүгін Беларусь боксшыларымен шаршы алаңда жолдастық айқасын өткізеді. Бұл құрлықаралық ең ірі дода алдындағы соңғы сынақ», - деді Айтжанов.
Естеріңізге сала кетейік, Азиада ойындары 18 тамыз-2 қыркүйек аралығында Индонезияның Джакарта қаласында өтеді.