Боксшылар Біржан Жақыпов, Данияр Елеусінов пен Әділбек Ниязымбетов ширек финалға шығу үшін күреседі

None
АСТАНА. 4 тамыз. ҚазАқпарат - 4 тамыз күні ширек финалға шығу құқығы үшін 49, 64 және 81 келіге дейінгі боксшылар бақ таластырады.

Астана қалалық туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз қызметінен хабарлағандай, Астана уақыты бойынша сағат 18:30-да басталатын күндізгі сессияның екінші жұбында Біржан Жақыпов филиппиндық боксшы Марк Барригамен кездеседі.

Күндізгі сессияның 7-ші жұбында (шамамен сағат 20:00-де) алаңға ирандық Мехди Толоутибандпимен кездесетін былғары қолғаптың қазақстандық шебері Данияр Елеусінов шығады.

Бұдан басқа, 4 тамызда Олимпиада рингіне алғаш рет қазақстандық боксшы Әділбек Ниязымбетов шығады. Қарсыласы - эквадорлық боксшы Карлос Гонгора. Олардың айқасы рет бойынша тоғызыншы болады және  кешкі бағдарламада (басталуы сағат 01:30-да) шамамен түнгі сағат 03:30-да өтеді.