Бокста жетістікке жету үшін 18 жыл тер төктім - Серік Сәпиев

АСТАНА. ҚазАқпарат - Спортта өзінің басты мақсатына қол жеткізіп, олимпиада чемпионы атану үшін Серік Сапиев 18 жыл тер төккен. Бұл туралы бүгін танымал боксшы, Лондондағы Олимпиада ойындарының чемпионы ҚР Тұңғыш Президенті Мұражайындағы спорттағы дарынды балалармен кездесу барысында айтты.

«Менің сіздерге айтарым, алдыға мақсат қойып, соған қарай ұмтылу керек. Мен боксқа 10 жасымда келдім, 28 жасымда олимпиада чемпионы атандым, өз мақсатыма қол жеткізу үшін 18 жыл дайындалдым. Басында Олимпиада туралы ойлаған да жоқпын. Кейін спорт шебері нормативін орындағаннан кейін, өз мүмкіндіктерімді сезіне бастадым. Содан кейін барып менде бокста бір жетістікке жету мақсаты пайда болды», - деді С.Сапиев. Қиындыққа тап болғанға мойымауды да айтты, өйткені болашақ олимпиада чемпионының да алғашқы ойындары сәтсіз өткен болатын. Бірақ ол оған бола боксты тастамады. «Біз, спортшылар, салауатты өмір салтын насихаттауымыз керекпіз. Қазақстан спортпен жаппай айналысатын елге айналуы тиіс. Қазірдің өзінде түрлі спорттық залдардағы жаттығуларда өздерінің қол астындағылар мен жастарға үлгі болып жүрген басшыларды көріп жүрмін. Бұл қуантарлық жәт», - деді Серік Сапиев.