Жарыстың жартылай финалында 69 келіге дейінгі салмақта Данияр Елеусінов әзербайжандық Парвиз Багировпен кездескен болатын. Қазақстан құрамасының капитаны барлық үш раунд бойы жекпе-жек барысын аңдап, 3:0 есебімен таза жеңіске жетті.
Осылайша, Данияр Елеусінов Рио-2016 Олимпиадасына лицензияны жеңіп алды, деп хабарлайды sports.kz.