АСТАНА. ҚазАқпарат – Өзбекстан астанасы Ташкент қаласында бокстан ерлер арасында өтіп жатқан әлем чемпионатында Дулат Бекбауов келесі айналымға өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Қазақстандық боксшы 67 келіге дейінгі салмақта 1/16 финалда румыниялық Андрей Мустетпен жұдырықтасты.
Белгілі бапкер Нұрлан Ақүрпековтің шәкірті Дулат Бекбауов алғашқы екі раундта қарсыласынан басым көрінді. Үшінші кезеңде де ештеңе өзгерген жоқ. Төрешілер есебі – 5:0.
Осылайша, Д.Бекбауов 1/8 финалға жолдама алды.
Бүгін сондай-ақ Қазақстан бокс құрамасының капитаны Асланбек Шымбергенов те рингке шығады.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Санатәлі Төлтаевтың жарыс жолынан шығып қалғанын жазған болатынбыз.
Сондай-ақ 6 мамырда Асланбек Шымбергенов пен Дулат Бекбауовтың сынға түсетіні хабарланды.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).