БОКСТАН ӘЧ: Қазақстан жалпыкомандалық есеп бойынша 8-ші орынды қанағат тұтты
01:44, 16 Қазан 2015
АСТАНА. ҚазАқпарат - Доха қаласында ерлер арасындағы бокстан әлем чемпионаты аяқталды. Оның барысында 10 награда жиынтығы ойнатылды, деп хабарлайды Sports.kz.
Елдер бойынша есепте Куба жеңіске жетті (4-2-1), екінші орынды Ресей (2-1-1) алды, үздік үштікті әзербайжандықтар (1-1-2) тұйықтады.
Қазақстан құрамасы екі күміспен 8-ші орынға тұрақтады. Еске салайық, Дохада бокстан мәреге жеткен Әлем чемпионатының ақтық шайқасында қазақстандық боксшы Иван Дычко мен Қазақстан құрамасының капитаны Данияр Елеусінов күміс жүлде иеленді.