49 келі салмақ санатында шаршы алаңға шыққан боксшымыз екі дүркін Еуропа чемпионы, әлем чемпионатының күміс жүлдегері ресейлік Василий Егоровпен жұдырықтасқан болатын. Үш раунд бойы азулы қарсыласынан өзінің басымдығын дәлелдеген боксшымыз жартылай финалға жолдама алды.
Айта кетерлігі, ширек финалға Жомарт Ержаннан бөлек тағы 6 боксшымыз шықты. Бүгін олардың қайсысы қарсыласын қапы қалдырып, жартылай финалға шығатынын білетін боламыз.