Бокстан ӘЧ: Олжас Сәттібаев жарыс жолынан ығысып қалды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан құрамасының боксшысы Олжас Сәттібаев Катардың Доxа қаласында өтіп жатқан Әлем чемпионатының 1/4 финалында жеңіліс тапты.

52 келі салмақта Қазақстан атынан таласқа түскен Олжас ширек финалда 22 жастағы қытайлық спортшы Цзяньгуан Хуға жол берді.

Кездесу 0:3 есебімен қытайлықтың жеңісімен аяқталды. Осылайша, Қазақстан құрамасының 5 боксшысы жартылай финалға шыға алмай қалды. Бұның алдында Жәнібек Әлімxанұлы, Василий Левит, Қайрат Ералиев пен Зәкір Сафиуллин жеңіліс тапқанын айта кетейік.