АСТАНА. ҚазАқпарат – Өзбекстан астанасы Ташкентте бокстан ерлер арасында өтіп жатқан әлем чемпионатында Санатәлі Төлтаев 1/8 финалға шыға алмады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Қазақстандық боксшы 63,5 келіге дейінгі салмақта 1/16 финалда Маврикия өкілі Ришарно Колинмен жұдырықтасты.
Маврикиялық боксшының бойы да, қолы да ұзын болғандықтан, Санатәлі үшін қолайсыз тиді. Төрешілер шешімімен жеңіс қарсыласының еншісінде кетті.
Р.Колин 1/8 финалда Өзбекстан намысын қорғап жүрген қазақ жігіті Руслан Абдуллаевпен шеберлік байқасады. Ол испаниялық Конде Ойер Ибарречені бірінші раундта-ақ екі рет нокдаунға жіберіп, мерзімінен бұрын ұтты.
Бүгін сондай-ақ аса ауыр салмақта Қамшыбек Қоңқабаев рингке шығып, ресейлік Алексей Дроновпен шеберлік байқасады.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын бокстан әлем чемпионатында Сағындық Тоғамбайдың қарсыласын нокаутпен ұтқанын жазған болатынбыз.
Сондай-ақ Санатәлі Төлтаев келесі кезеңге жолдама алды.
Талғат Сырымбетов Азия чемпионына жол берді.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).