Бокстан ӘЧ: Серік Теміржанов алғашқы жеңісі жөнінде пікір білдірді

ТАШКЕНТ. ҚазАқпарат - Өзбекстан астанасы Ташкент қаласында өтіп жатқан әлем чемпионатының бесінші жарыс күнінде жеңіске жеткен Серік Теміржанов (57 келі) жекпе-жегі жөнінде пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Фото: instagram.com/boxingkazakhstan

Қазақстандық спортшы 1/16 финалда Мали елінен келген Абдул Карим Батилидің осал тұсын тапты.

«Маған жанкүйерлік жасаған барша азаматтарға рақмет айтамын. Алғашқы жекпе-жегімде жеңіске жеттім. Мақсатым - әлем чемпионы болу. Жақсы дайындық өткіздік. Аға және жеке бапкерлеріммен ақылдасып, осы мақсатта тактика ұйымдастырдық. Оған бар күшімізді саламыз», - деді С.Теміржанов.


Енді ел құрамасынан бүгін 19:00-де басталатын кешкі сессияда Нұрбек Оралбай (80 келі) әзербайжандық Мұрад Аллахвердиевпен кездессе, Айбек Оралбай (92 келі) италиялық Азиз Аббес Мухийдинмен қолғап түйістіреді.

Айта кетсек, қазірге дейін ел құрамасынан Талғат Сырымбетов (60 келі) пен Санатәли Төлтаев (63,5 келі) жарыс жолынан шығып қалды.