АСТАНА. KAZINFORM - World Boxing аясында Англияның Ливерпуль қаласында өтетін әлем чемпионатынында бүгін, 4 қыркүйекте Қазақстан құрамасынан екі боксшы шаршы алаңға шығады.
Дүбірлі додада отандастарымыз арасынан алғашқы болып әйелдер арасында Элина Базарова (54 келі) өзбекстандық Нигина Уктамовамен кездеседі. Ол екінші жұпта А рингінде шеберлік байқасады. Кешкі сеғссия қазақстандық уақытпен 22:00-ге белгіленген.
Сондай-ақ кшкі сессияда 13-жұпта Б рингінде Сағындық Тоғамбай (90 келі) англиялық Айзек Окомен қолғап түйістіреді.
World Boxing ұйымының аясында алғаш рет өтетін әлем чемпионатына 68 елден барлығы 554 (ерлер - 329, әйелдер - 225) келді.
Дүбірлі дода 4-14 қыркүйек аралығында өткізіледі. Жекпе-жектер «Qazaqstan» және «Qazsport» телеарналарынан тікелей эфирде көрсетіледі.
Әлемнің әр қиырынан келген боксшылар 4-10 қыркүйек аралығында іріктеу кезеңінде сайысқа түседі. Ал 12-13 қыркүйекте жартылай болса, 13-14 қыркүйекте финалдық бәсекелер өтеді.
Әділжан Үмбет
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.