Бокстан әлем чемпионатында 7 қыркүйекте Қазақстан құрамасынан кімдер шығады
09:38, 07 Қыркүйек 2025
АСТАНА. KAZINFORM - Англияның Ливерпуль қаласында өтіп жатқан әлем чемпионатында бүгін, 7 қыркүйекте Қазақстан құрамасынан бес боксшы шаршы алаңға шығады.
Отандастарымыз күндізгі және кешкі сессияда сынға түседі. Олардың екеуі күндізгі, үшеуі түнгі сессияда күш сынасады.
Жекпе-жектер кестесі:
Күндізгі сессия. (қазақстандық уақытпен 15:00–де)
- 55 келі. Махмұд Сабырхан - Брайан Ортис (Мексика)
- 80 келі. Нұрбек Оралбай v- Матви Ражба (Украина)
Кешкі сессия (қазақстандық уақытпен 22:00–де)
- 57 келі. Карина Ибрагимова - Элис Глин (Англия)
- 70 келі. Наталья Богданова - Санамача Чокчом (Дания)
- 65 келі. Ертуған Зейнулинов - Хуго Грау (Франция).
Дүбірлі дода 4-14 қыркүйек аралығында өткізіледі. Жекпе-жектер «Qazaqstan» және «Qazsport» телеарналарынан тікелей эфирде көрсетіледі.
Әлемнің әр қиырынан келген боксшылар 4-10 қыркүйек аралығында іріктеу кезеңінде сайысқа түседі. Ал 12-13 қыркүйекте жартылай болса, 13-14 қыркүйекте финалдық бәсекелер өтеді.