Бокстан әлем чемпионатында Қазақстан әйелдер құрамасының қарсыластары анықталды

Фото: World Boxing Cup Astana 2025

АСТАНА. KAZINFORM - Бокстан World Boxing аясында өтетін Англияның Ливерпуль қаласында өтетін әлем чемпионатынында Қазақстан әйелдер құрамасының қарсыластары анықталды.

Жеребе нәтижесі бойынша кейбір салмақта еліміздің былғары қолғап шеберлері бірден 1/4 финалға шықса, тағы бір тобы 1/8 финалда шаршы алаңға шығатыны анықталды. Сондай-ақ әлем чемпионатын 1/16 финалдан бастайтын отандастарымыз бар.

1/4 финал:

80 келіден жоғары: Елдана Тәліпова (Қазақстан) - Грейс Бакл (Англия) пен Селин Ли-Ло (Новая Зеландия) жұбының жеңімпазы.

1/8 финал:

48 келі: Назым Қызайбай (Қазақстан) - Лилия Шелецкий (Венгрия) мен Лам Хон Ки (Гонконг) жұбының жеңімпазы;

51 келі: Алуа Балқыбекова (Қазақстан) - Фатма Мансури (Алжир) мен Мун Гьонг (Оңтүстік Корея);

70 келі: Наталья Богданова (Қазақстан) - Тхокчом Суприя Деви (Индия) мен Дитте Фростхольм (Дания) жұбының жеңімпазы;

75 келі: Надежда Рябец (Қазақстан) - Ван Лина (Қытай);

80 келі: Гүлсая Ержан (Қазақстан) - Ивета Лесинските (Литва).

1/16 финал:

54 келі Элина Базарова (Қазақстан) - Нигина Уктамова (Өзбекстан);

57 келі: Карина Ибрагимова (Қазақстан) - Панагита Кузилу (Грекия);

60 келі: Виктория Графеева (Қазақстан) - Садику Д (Косово);

65 келі: Аида Әбікеева (Қазақстан) - Анна Луца Хамори (Венгрия).

World Boxing ұйымының аясында алғаш рет Ливерпуль (Англия) қаласында өтетін әлем чемпионатына 68 елден барлығы 554 (ерлер - 329, әйелдер - 225) келді.

Дүбірлі дода 4-14 қыркүйек аралығында Англияның Ливерпуль қаласында өткізіледі. Жекпе-жектер «Qazaqstan» және «Qazsport» телеарналарынан тікелей эфирде көрсетіледі.

Әлемнің әр қиырынан келген боксшылар 4-10 қыркүйек аралығында іріктеу кезеңінде сайысқа түседі. Ал 12-13 қыркүйекте жартылай болса, 13-14 қыркүйекте финалдық бәсекелер өтеді.