Бокстан әлем чемпионаты: 26 тамызда қазақстандық спортшылардан кімдер рингке шығады

АСТАНА. ҚазАқпарат - 26 тамыз, сенбі күні Гамбургте (Германия) өтіп жатқан бокстан әлем чемпионатында тағы үш қазақстандық былғары қолғап шебері рингке шығады, деп хабарлайды ҚР Бокс федерациясының баспасөз қызметі.

Күндізгі сессия (Астана уақытымен 18:00-ден кейін басталады):

60 кг. 1/16 финал. Әділет Құрметов (Қазақстан) - Отар Ераносян (Грузия)

69 кг. 1/16 финал. Абылайхан Жүсіпов (Қазақстан) - Валид Саид Мохамед (Мысыр)

Кешкі сессия (23:00-ден кейін):

52 кг. 1/16 финал. Азамат Исақұлов (Қазақстан) - Инкью Ким (Оңтүстік Корея).