АСТАНА. ҚазАқпарат - Өзбекстан астанасы Ташкент қаласында өтіп жатқан әлем чемпионатының алтыншыжарыс күні, 6 мамырда ел құрамасынан екі боксшы рингке шығады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Қазақстандық екі боксшы да елорда уақытымен 15:00-де басталатын күндізгі сессияда сынға түседі.
Б рингіндегі үшінші жұпта 1/16 финалда Дулат Бекбауов (67 келі) румыниялық Андрей Мустетпен кездеседі.
Ал ұлттық құрама капитаны Асланбек Шымбергенов (71 келі) оныншы жұпта 1/16 финалда Тринидада және Тобаго елінен келген Аарон Принспен қолғап түйістіреді.
Айта кетсек, әлем чемпионатында ел құрамасынан Талғат Сырымбетов (60 келі), Санатәли Төлтаев (63,5 келі) және Айбек Оралбай (92 келі) ертерек жарыс жолынан шығып қалды.
Сондай-ақ, 5 мамырда Серік Теміржанов (57 келі) пен Нұрбек Оралбай (80 келі) жарысты жалғастыруға мүмкіндік алды.
Әділжан Үмбет
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.