АСТАНА. ҚазАқпарат - Өзбекстан астанасы Ташкент қаласында өтіп жатқан әлем чемпионатында бүгін, 7 мамырда ел құрамасынан төрт боксшы рингке шығады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Елорда уақытымен сағат 15:00-де басталатын күндізгі сессияда Сәкен Бибосынов (51 келі) үндістандық Дипак Кумармен (А рингіндегі бірінші жекпе-жек), Серік Теміржанов (57 келі) венгриялық Роланд Верешпен (А рингіндегі бесінші жекпе-жек) кездеседі.
Ал, Нұрқанат Райыстың (75 келі) қарсыласы - доминикандық Дельгадо де лос Сантос. Олар Б рингінде он екінші жекпе-жекте шеберлік байқасады.
Сондай-ақ, сағат 19:00-де басталатын кешкі сессияда, Қамшыбек Қоңқабаев (92 келіден жоғары) сириялық Мохаммед Млайеспен Б рингінде оныншы жекпе-жекте шаршы алаңға шығады.
Еске салсақ, 6 мамырда ел құрамасынан Дулат Бекбауов (67 келі) румыниялық Андрей Мустетті тізе бүктірсе, ұлттық құрама капитаны Асланбек Шымбергенов (71 келі) Тринидад және Тобаго елінен келген Аарон Принстің осал тұсын тапты.
Әділжан Үмбет
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.