Бокстан әлем чемпионаты: Әділбек Ниязымбетов ширек финалға шықты

АСТАНА. ҚазАқпарат - Катар астанасы Дохада өтіп жатқан бокстан әлем чемпионатында 81 келі салмақта өнер көрсететін қазақстандық боксшы Әділбек Ниязымбетов осы біріншіліктегі алғашқы жекпе-жегін өткізді.

Оның қарсыласы сириялық Алаа Госсоун болды. Қазақстандық былғары қолғап шебері одан үш раундта да басым түсіп, айқын басымдықпен жеңді.

Айта кетейік, бүгін әлем чемпионатының кешкі сессиясында 4 спортшымыз рингке шығуы тиіс еді. Осыған дейін Олжас Сәттібаев болгариялық қарсыласы Д.Асеновты, Д.Елеусінов Беларусь былғары қолғап шебері П.Кастраминді ұтып, ширек финалға жолдама алды. Енді олардың қатарына Әділбек те қосылып, ¼ финалға осымен үшінші боксшымыз шығып отыр.

Айта кетейік, кеше Жәнібек Әлімханұлы да қарсыласын тізе бүктіріп, ширек финалға шыққан еді. Енді бірер сәттен кейін Иван Дычконың (91 келіден жоғары) өнерін тамашалайтын боламыз.