НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бүгін Сербия астанасы Белград қаласында өтіп жатқан бокстан әлем чемпионатында ел құрамасынан Асланбек Шымбергенов пен Бек Нұрмағамбет шаршы алаңға шығады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Жекпе-жектер елорда уақытымен сағат 17.00-де басталып, «Qazsport» телеарнасы арқылы тікелей эфирде көрсетіледі.
Асланбек Шымбергенов (71 келі) 1/32 финалда ирандық Фархад Моради Аташгахпен қолғап түйістіреді.
Ал Бек Нұрмағамбет (86 келі) 1/16 финалда бразилиялық Кено Мачадомен шеберлік байқасады.
Әлем чемпионатына қазақстандық құрамадан 13 боксшы барды.
Оның арасында Сәкен Бибосынов (51 келі), Серік Теміржанов (57 келі), Абылайхан Жүсіпов (67 келі), Нұрқанат Райыс (75 келі алғашқы жекпе-жегінде жеңіске жетті.
Сондай-ақ, алдағы күндерде Теміртас Жүсіпов (48 келі), Махмуд Сабырхан (54 келі), Саматали Төлтаев (60 келі), Санатали Төлтаев (63,5 келі), Нұрбек Оралбай (80 келі), Айбек Оралбай (92 келі) мен Нұрлан Сапарбай (92 келіден жоғары) ел намысын қорғайды.
Ұлттық құраманың бас бапкері - Қайрат Сәтжанов,
Әлем чемпионаты 6 қарашада мәресіне жетеді.
Әділжан Үмбет
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.