Бокстан әлем чемпионаты: Айбек Оралбай италиялық боксшыдан жеңіліп қалды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Өзбекстан астанасы Ташкент қаласында өтіп жатқан әлем чемпионатының бесінші жарыс күнінде Айбек Оралбай (92 келі) қарсыласына есе жіберді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Фото: instagram.com/boxingkazakhstan
Ол 1/16 финалда италиялық Азиз Аббес Мухийдинмен шеберлік байқасты. Төрешілер шешімімен жеңіс қарсыласына берілді. Осылайша Айбек жарыс жолынан шығып қалды.
Айбек Оралбай 2022 жылы Азия чемпионы атанған. 2018 жылы жасөспірімдер арасында Олимпиада чемпионы атағын жеңіп алды.
Ал Азиз Аббес Мухийдин - Италия құрамасы сапындағы тәжірибелі боксшы. Былтыр өткен әлем чемпионатында күміс жүлдегер атанса, Еуропа чемпионы тұғырына көтерілді.
Айбек - ел құрамасы сапынан жарыс жолынан шығап қалған үшінші боксшы. Бұған дейін Талғат Сырымбетов (60 келі) Санатәли Төлтаев (63,5 келі) ертерек елге қайтуға мәжбүр болды.
Еске салсақ, бүгін Серік Теміржанов алғашқы жекпе-жегінде жеңіске жетті.
Сондай-ақ, Нұрбек Оралбай Еуропа чемпионынан басым түсті.
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.