Бокстан әлем чемпионаты: Бесінші қазақстандық ширек финалға шықты
Серік Теміржанов (57 келі) үндістандық Рохит Мормен кездесті. Жекпе-жек барысында қазақстандық боксшы сенімді ойын көрсетті. Барлық раундта қарсыласына көбірек жұмсады. Нәтижесінде төрешілер бірауыздан оның жеңісін мойындады. Осылайша ол ширек финалға жолдама алды.
Еске салсақ, бұдан бұрын жарыстың аталған сатысына Теміртас Жүсіпов (48 келі), Махмуд Сабырхан (54 келі), Саматәли Төлтаев (60 келі) және Асланбек Шымбергенов (71 келі) шықты.
Сондай-ақ, бүгін Абылайхан Жүсіпов (67 келі), Нұрқанат Райыс (75 келі), Сәкен Бибосынов (51 келі), Санатәли Төлтаев (63,5 келі), Нұрбек Оралбай (80 келі) шаршы алаңға шығады.
Еске сала кетсек, әлем чемпионатына ел құрамасының сапында 13 боксшы барды. Олардың арасынан бұған дейін Бек Нұрмағамбет (86 келі), Айбек Оралбай (92 келі) және Нұрлан Сапарбай (92 келіден жоғары) қарсыластарына жол берді.