Бокстан әлем чемпионаты: Данияр Елеусінов айқын басымдықпен жеңіске жетті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Катар астанасы Дохада өтіп жатқан бокстан әлем чемпионатында 69 келі салмақта өнер көрсететін Қазақстан құрама командасының капитаны Данияр Елеусінов осы біріншіліктегі алғашқы жекпе-жегін өткізді.

Команда капитаны Беларусь былғары қолғап шебері П.Кастраминді үш раундта да ұтып, ширек финалға шықты.

Айта кетейік, бүгін әлем чемпионатының кешкі сессиясында 4 спортшымыз рингке шығады. Осыған дейін Олжас Сәттібаев болгариялық қарсыласы Д.Асеновты ұтып, ширек финалға жолдама алды. Бұл бүгінгі екінші жеңісіміз!

Бірер сәттен кейін Әділбек Ниязымбетовтің, одан соң Иван Дычконың өнерін тамашалайтын боламыз.